Мектеп – тек білім беретін мекеме ғана емес, ол – талай ұрпақтың тағдыры тоғысқан қасиетті орда. Оның қабырғалары үнсіз тұрғандай көрінгенімен, әр кірпіші өткен күндердің сырын ішіне бүгіп жатыр. Бұл жерде ұстаздардың маңдай тері, оқушылардың үміті мен арманы, қуанышы мен табандылығы сақталған.Мектеп тарихын жасаған – ең алдымен ұстаздар. Олар өз білімін ғана емес, адамгершілік пен тәрбие дәнін де шәкірт жүрегіне еге білді. Ал оқушылар сол сенімді ақтап, өмір жолында мектеп берген тәлімді бойтұмар етіп келеді.